Алматыда 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікпен күзетші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мешітті күзететін фирманың қызметкері 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді, оны қалалық полиция ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы танымал адвокат Айман Умарова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша арыз 8 шілде күні Бостандық аудандық полиция бөліміне түсті.

«Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша тіркелді, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған К. есімді азамат қазір полиция бөлімінде. Профилактикалық шараны таңдау мәселесі шешілуде», - деп хабарлады полициядан.

Полиция депаратаменті атап өткендей, өндіріс аясында қажетті тергеу жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланып отыр. «Тергеу амалдары толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі», дейді полиция қызметі.


Соңғы жаңалықтар