Алматыда 18 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда халық санының өсуіне байланысты амбулаториялық-емханалық мекемелердің жаңа объектілерін салу жоспары әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұзит Әзірбаев айтқандай, биыл №1 балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің,«Кемел» ықшам ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, сондай-ақ, Жетісу ауданында №11 емхананың сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары аяқталады.

«18 денсаулық сақтау нысанына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтаймыз. Олардың 15-і бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары биыл, қалғандары бойынша 2023 жылы басталады», - деді ол.

Құлжа тас жолының оңтүстігіне қарай медициналық кластерді жобалау басталды. Мұнда 250 төсектік көп бейінді аурухана, 250 төсектік паллиативтік көмек орталығы және 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығы, 200 орындық көп бейінді стационар және диагностикалық орталық салынады.



Соңғы жаңалықтар