Алматыда 18 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың маусым мен желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар үшін 18 мыңға жуық кәсіпкерлік объекті Ashyq жобасынан шығарылды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов, мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап «Ashyq» қосымшасы Infokazakhstan.kz платформасымен біріктірілді.

Infokazakhstan.kz арқылы қатысушылар өтінім беріп, QR код ала алады.

Алматы қаласы бойынша 23 698 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасының қатысушы ретінде тіркелген, оның ішінде 10 987 - толыққанды қатысушылар, 12 711 - жобаның ерікті қатысушылары.

«Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасының көшбасшысы кәсіпкерлік субъектісінің 293 объектісі болып табылады. Ағымдағы жылдың 3 маусым және желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар үшін 18 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды. Қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмін бұзудың үлкен төмендеуі ағымдағы жылдың 18 қазанынан 15 қарашасына дейінгі кезеңде байқалды, бұл - шамамен 14 000 объекті»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол соңғы айларда чекиндер санының төмендегенін тілге тиек етті.

«Осыған байланысты мен тек кәсіпкерлерге ғана емес, еліміздің барлық азаматтарына да жүгінгім келеді. «Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының таралуы аясында санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, сондай-ақ вакцинацияның коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтудың және Сovid-19 ауыр ағымының алдын алудың ең сенімді әдісі екенін ұмытпайық»,- деді Айтуар Қошмамбетов.


Соңғы жаңалықтар