Алматыда 18-қабаттан құлаған он бес жасар жасөспірім көз жұмды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 18-қабаттан секірген бала өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында хабарланғандай, 18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған 2007 жылы туған жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған деректің Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелгенін мәлім етті.

Тиісті сараптама тағайындалған.



Фото: polisia.kz





Соңғы жаңалықтар