Алматыда 17 жастағы жігіт ломбардтан ұялы телефондар ұрлады деген күдікке ілінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар «Қалқаман» шағын ауданында табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жігіт Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді.

Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.

Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.

Заттай айғақтар тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар