Алматыда 17 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1997 жылы туылған бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Айжамал Ерболатқызы Тұрғанқұл 2014 жылдың 29 қазанында Жамақаев көшесіндегі №214 үйден шығып кеткен. Содан қайтып оралмады.

Іздеу жұмыстарымен Медеу аудандық ІІБ криминалды полициясы айналысуда.

Бойжеткен үйінен шығарда көк түсті джинсы мен куртка киген. Қолында қара сөмкесі болған. Бойы 160-165 см, шашы, көздері қара.

Полиция қызметкерлері Айжамалды көрген адамдар болса Медеу аудандық ІІБ іздестіру бөлімінің 254-48-40, 254-48-02, 254-48-09. 8-701-505-54-58.8-702-897-93-86 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар