+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 17 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданады

2020 жылғы 15 тамыз 12:30
Бөлісіңіз:
Алматыда 17 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 17 тамыздан бастап Алматыда көптеген кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында шаруаларға карантинде қолдау көрсету үшін 80 млрд теңге бөлінбек Алматыда карантинге қарамастан мейрамханаларда той өткен Сән салоны, шаштараз демалыс күндері жұмыс істейді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинің айтуынша, осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынған нысандар дүйсенбіден бастап жұмысын қайта бастайды.

«17 тамыздан бастап сауда орталықтары, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, сән салоны мен орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Айта кету керек мұнда адам санына шектеу қойылған. Яғни, 5 келушіден артық қабылдауға болмайды«», – дейді Жандарбек Бекшин.

Сондай–ақ, дүйсенбіден бастап ашық аспан астындағы аттракциондарға ашылуға рұқсат берілді. Мұнда да барылық санитария талабы сақталуы тиіс. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және міндетті түрде маска тағу қажет.

«Спортпен шұғылдануға рұқсат етілді. 30 адамнан аспайтын ұлттық құрама командаларға жаттығу өткізуге болады. Мұнда жоғарыда аталған санитарлық талапты сақтау қажет», - дейді ол.

Сонымен қатар, алматылықтарға саябақтарға, алаңдарға, жағалауға, баруға болады. Бірақ 1 метрлік әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT