USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда 17 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

2021 жылғы 6 желтоқсан 11:07
Бөлісіңіз:
Алматыда 17 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1089 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 71 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Алматы облысында бір күнде 432 адамнан коронавирус табылды Қызылордада коронавирус жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

«5 желтоқсан күні 1089 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 536, II компонентін – 553 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 желтоқсан аралығында қалада 1 028 191 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 985 289 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 544 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 16 968 адам салдырды. Оның ішінде 995 жүкті әйел, 3513 бала емізетін ана және 12 460 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT