Алматыда 17 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматының жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 36 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында Алматыда 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 17 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 5 мың тұрғын уақытша жұмысқа кірді. Жоспар бойынша біз 26 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашамыз. Бұл - негізінен құрылыс саласының мамандары. Бізде кафель жабыстыратын, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары»,– дейді Данияр Әлкебайұлы .

Сонымен қатар, ол қалада «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырады. Ол үшін бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұл - қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы. Қоғамдық жұмысқа қатысатын адамдардың еңбегіне ақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынған мәліметтер негізінде жүргізеді. Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік оқу бар. Ол жерде 9-11 сыныпты бітірген түлектер, жоғары оқу орнына түсе алмаған жастар білім ала алады. Қазір құжат қабылдау жүріп жатыр»,-дейді ол.


Соңғы жаңалықтар