Алматыда 1646 заңсыз жарнама нысаны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 1646 тіркелмеген жарнама нысаны анықталып, олардың иелеріне 88,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Салық туралы заңнамаға сәйкес жарнама нысандарын орнату үшін жергілікті атқару органдарының рұқсаты болуы керек. Егер мұндай рұқсаты болмаса, заңсыз әрекеті үшін кәсіпкерге айыппұл салынады. Қазіргі таңда осының есебінен қалалық бюджетке қосымша 88,4 млн. теңге көлемінде түсім түсіп отыр», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Ендігі кезекте қалалық Салық департаменті мен Сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар