Алматыда 16 жасқа толған азаматтар 15 күн ішінде жеке куәліктерін ала алады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының көші-қон қызметі 16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру ережелері туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, жеке куәліктер Қазақстан Республикасының азаматтарына он алты жастан бастап беріледі. Жеке куәлікті ресімдеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Алматы қаласы көші-қон қызметінің аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

«16 жасқа толған кезде құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге мыналарды көрсету керек:

- 16 жастағы адамның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;

- - құжатталған тұлғаның жеке болуы;

- - ата-аналардың біреуінің немесе заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы.

Құжаттарды дайындау мерзімі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 15 жұмыс күнін алады», - делінеді хабарламада.

Бұдан бөлек, құжаттарды жеделдетілген түрде дайындау қызметі бар:

– 1-санат бойынша құжаттарды дайындау бір жұмыс күнін алады (тіркеу күнін қоспағанда) құны 4 983 теңге.

– 2-санат бойынша құжаттарды дайындау үш жұмыс күнін алады (тіркеу күнін қоспағанда) құны 2 752 теңге.


Соңғы жаңалықтар