Алматыда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
2022 жылғы 28 қаңтар 13:05

Алматыда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 529 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 307 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 191, келіп түскені – 247.

«Инфекциялық стационарларда 1 529 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 157 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 89 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 26 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 12 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 643 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 11 859 науқас.

Симптомсыз 784 науқас бар.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT