Алматыда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 324 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 53 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 58, келіп түскені – 23

Инфекциялық стационарларда 324 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 16 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 37 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 11 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 686 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 658 науқас. 28 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар