Алматыда 16 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 16 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жыл басынан бері миграциялық заңнаманы бұзған 16 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елдің территориясынан 222 шетелдік сыртқа шығарылса, 1 мың 700 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. ІІД қабылдау бөліміне 1600 шетелдік қамалды. Сонымен қатар миграциялық ағынды реттеу мақсатында миграциялық полиция бөлімшелерімен 2 210 еңбек мигрантына Қазақстан территориясында еңбек етуге рұқсат берілген. Рұқсат үйде жұмыс жасайтын, 3 айдан артық визасыз режим туралы келісімге қол қойылған елдің азаматтарына беріледі», - деді қалалық ІІД миграциялық полиция басқармасының басшысы Асхат Бүтіншиев.

Қаладағы қылмыстық ахуалға миграциялық процестер де ықпалын тигізуде. Әсіресе, соңғы жылдары Алматыға нәпақа іздеп келген шетелдіктердің саны 17 пайызға артты.

Оның айтуынша, тіркеліп жатқан қылмыстардың көбін сол келімсектер жасауда. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 40 пайызы өзге қаладан келгендер, олардың 4 пайызы шетелдік азаматтар екендігі белгілі.

Қазір қаладағы көші-қон заңнамасының бұзылмауын қадағалау үшін 28 қонақ үйде шетелдік азаматтарды қабылдау пункттері ашылған.

Соңғы жаңалықтар