Алматыда 154 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 154 автобус жүргізушісі Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы полициясы 23-26 ақпан арасында «қауіпсіз жол» акциясын өткізген болатын.

Үш күн ішінде ЖҚЕ бұзған қоғамдық көлік жүргізушілерінің саны 150-ден асып кеткен.

«Жол қозғалысы ережесін елемеген жүргізушілерге ҚР ӘҚК 619-бабы бойынша 20 АЕК есебінде (39640 теңге) айыппұл салынды. Жыл басынан бері 27 лауазымды тұлға осындай жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы Қуаныш Әбдірешев.

«Негізінен қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты бірнеше заң талаптарының орныдалуы қадағаланды. Айталық, жүргізушілердің еңбегі мен демалысы режимін қалтқысыз сақтау, автобусты заңсыз жабдықтау, рейс алды тексеруден өтуін, жүк пен жолаушыларды тасымалдау ережелерінің орындалуы қадағаланды. Айта кету керек, көптеген автобустардың техникалық жағдайы көңіл көншітпейді», - деді Қ.Әбдірешев.

Соңғы жаңалықтар