Алматыда 150 коронавирус ошағы бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінде мегаполисте 150 коронавирус ошағы бар. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індет ошақтарына келер болсақ, коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген уақытта 613 ошақ болды, 463 ошақтан шектеу шаралары алынып тасталды, енді бүгінде 150 ошақ бар. Алатау ауданында – 59, Медеу ауданында –24, Бостандық ауданында –25, міне, осы үш ауданда көп болып тұр», - деді Алматы әкімі брифинг барысында.

Бұған дейін, әкім ҰҚК Шекара қызметі Академиясының коронавирус жұқтырған курсанттары туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар