+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда 150-ге жуық есірткіні насихаттайтын граффити боялды

2021 жылғы 22 шілде 22:31
Бөлісіңіз:
Алматыда 150-ге жуық есірткіні насихаттайтын граффити боялды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткіні насихаттау бойынша 150-ге жуық граффити сырланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды Елордада қаскөйлер қоқыс жинауға арналған контейнерлерді өртеп жіберді Петропавлда көшеде карабин ұстап жүрген мас жігіт ұсталды

19 шілде күні Алатау және Наурызбай аудандарында «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының еріктілерімен бірлесіп өткізілген республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды анықтауға және жоюға бағытталған акция өткізілді.

«Акция аясында тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттар жарнамасы бар трафареттер мен граффити боялды. Акцияны қалалық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Алатау ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ 20 ерікті жүргізді. Алатау ауданының аумағында 123 граффити-жарнама боялды», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ Наурызбай ауданының аумағында іс-шараны өткізуге 20 граффити-жарнама анықталып, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының жеке құрамы, сондай-ақ Наурызбай ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары 10 қызметкері және мемлекеттік қордың 20 еріктісі жұмылдырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT