Алматыда 150 адамға той өткізген бірнеше мейрамхана анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4-7 маусым аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 36 жағдай анықталды. Демалыс күндері мониторингілік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мониторингілік топ өкілдері маусымның 4-інен 5-іне қараған түні белгіленген шектеуді бұзған 19 жағдайды анықтады. Атап айтар болсақ, Әуезов ауданындағы «Достар сарайы» мейрамханасы 150 адамға арналған үйлену тойын өткізген. Сол уақытта Бостандық ауданына қарасты «Han Sarai» мейрамханасында да той болды. Медеу ауданында «The Monkey» кафесінде 150-ге жуық адам анықталса, «Небо» барында 120-ға тарта қонақ жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

Ал 5-6 маусымда 14 жағдай тіркелді:

Наурызбай ауданындағы «Ильхам» мейрамханасында 150 қонаққа есептелген салтанатты іс-шара өткен.

Бостандық ауданының тексерушілері «Hide Park» ойын-сауық паркінің фудкортында 150-ге жуық адамның жиналғанын анықтады.

Медеу ауданында «Атмосфера» мейрамханасында 150-ге жуық келуші болған. Сонымен қатар, «Лейд Найд шоуда» 200 адам жиналған.

Жексенбі күні мегаполисте 3 заң бұзушылық тіркелді:

«Дос» компьютерлік клубында 40-қа жуық адам отырса, Медеу ауданындағы «Пинта» барында 100-ге жуық тұрғын жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

Жалпы осы жылдың 20 наурызы мен 7 маусымы аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 1088 жағдай анықталды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға, жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар