Алматыда 15 ҰОС ардагеріне «Алматы Resort» шипажайына 10 күндік тегін жолдама сыйға тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының мәжіліс залында Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында ҰОС ардагерлерін салтанатты түрде құттықтау рәсімі болып өтті.

Ардагерлерді мерейлі мейрамымен «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов, Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Шахутдинов , ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығына қарасты «Алматы Resort» клиникалық шипажайының президенті Канат Төсекбаев құттықтады.

Шара барысында 15 ҰОС ардагеріне ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығына қарасты «Алматы Resort» клиникалық шипажайының президенті, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Қанат Төсекбаев осы шипажайға 10 күндік тегін жолдама сыйға тартты.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің ардагерлерімізге үнемі қолдауын көрсетіп тұрады. Майдангерлердің қатары жыл сайын сиреп келеді. Алматыда қазір 1006 ғана ардагер қалды. Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясы саяси ұйым Доктринасының басты құндылықтарын негізге ала отырып, ұрпақтар сабақтастығы мен қоғамдағы ынтымақтастық сезімді, дәстүрлік ғұрыптарды, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген сый-құрметті арттыруға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын кеңінен жүзеге асыруда», деп атап өтті Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Шахутдинов.

Соңғы жаңалықтар