Алматыда 15-49 жастағы адамдар арасында АИТВ–ның таралу деңгейі 0,44% құрайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 21 қараша – 1 желтоқсан аралығында «Теңдік уақыты» атты он күндік өтуде. Оның мақсаты - халықтың, әсіресе жастардың АИТВ-ны жұқтырудың алдын алу, індетті жұқтырып алмау мәселесі бойынша ақпараттық деңгейін көтеру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Альмира Заурбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теңдік уақыты» онкүндігі ЮНЕЙДС ұйымының бастамасы бойынша өтуде.

«Алғашқы жағдайы тіркелгеніне қырық жылдан астам уақыт өтсе де, АИТВ –жұқпасы әлі күнге дейін үлкен қатердің бірі. «Теңдік уақыты» ұраны — нақты іс әрекетке шақыру. Яғни, ол бәрімізді ЖИТС-ті жоюға қажетті тексерістен өткен тәжірибелік шараларды іске асыруға шақырады. Оның ішінде: АИТВ-инфекциясын емдеу, тестілеу және алдын алу үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, осылайша әрбір мұқтаж адамға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді А.Заурбекова.
Спикердің айтуынша, онкүндік аясында Алматы қалалық ЖИТС орталығының медицина қызметкерелері қауымдастықтар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, халықтың АИТВ –жұқпасы туралы ақпараттық деңгейін арттыруға бағытталған түрлі шараларды ұйымдастырып, өткізеді.
Ол сондай-ақ Алматыда 15-49 жас аралығында АИТВ – инфекциясының таралу деңгейі 0,44 %, болжам бойынша 0,57% құрайтынын мәлімдеді.
«Алматыда жыл сайын халықтың 16-17%-ы АИТВ-ға тестілеуден өтеді, ол шамамен 350 мың зерттеу. Нормативтік құқықтық құжаттар негізінде Қазақстанда құпия медициналық тексерілудің сапалы әрі қолжетімділігі кепілдендіріледі. АИТВ - статусын арнайы тест тапсыру арқылы ғана білуге болады. Әр адам тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында АИТВ-ға тесттен тегін өте алады»,- деді Альмира Заурбекова.
Соңғы жаңалықтар