Алматыда 148 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2800 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қаңтар күні 2800 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 27 қаңтар аралығында қалада 1 069 508 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 032 247 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 041 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 40 867 адам салдырды. Оның ішінде 2 152 жүкті әйел, 8 940 бала емізетін ана және 29 775 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 148 041 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар