Алматыда 141 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3847 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қаңтар күні 3847 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 26 қаңтар аралығында қалада 1 068 345 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 031 517 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 997 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 40 105 адам салдырды. Оның ішінде 2 129 жүкті әйел, 8 726 бала емізетін ана және 29 250 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 140 994 алматылық өтті.

«Қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар