Алматыда 14 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады, олардың ішінде 4 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай мәліметтер Алматы қаласы мәслихатының сайтында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетудің «ISKERANA» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы шешімінде келтірілген.

Алматыда 14 612 көпбалалы ана тұрады, олардың 4 533-і «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.

Мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 3 283 отбасы 159 мың теңге (төртінші, бесінші және одан да көп бала үшін) алады. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны (14 мыңнан 22 мың теңгеге дейін) - 8 495 отбасы алып отыр. 6 569 отбасыға мүгедек баланы тәрбиелеп отырғаны үшін ай сайынғы жәрдемақы (31 мың теңгеден астам) беріледі. Асыраушысынан айрылғандар бойынша ай сайынғы жәрдемақы (бір балаға 25 мың теңгеден жоғары; екі адамға 44 мың теңгеден; үш адамға 55 мың теңгеден; 58 мың теңгеден төрт адамға; бес 60 мың теңгеден; алты және одан да көп адамға - шамамен 63 мың теңге) - 14 579 адамға беріледі.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен көпбалалы отбасыларды қоса алғанда, әлеуметтік жағынан осал 25 мыңға жуық азамат қосымша әлеуметтік қолдаудың 13 түрін алады.

Сондай-ақ, қалада 2017 жылы – 2 112 отбасы, 2018 жылы – 2 222 отбасы, 2019 жылы - 1 607 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.

2017 жылы - 72 отбасы, 2018 жылы - 569 отбасы, 2019 жылы - 7 984 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алды.

Соңғы жаңалықтар