Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 12:56-те өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Кезекші пультіне Әуезов ауданы Науаи көшесі, 68 мекенжайындағы 14 қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.

Олар барғанда желдету жүйесінің жылыту материалдары отқа орана бастаған.

Өрт күндізгі 13:11-де ауыздықталды. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртенген үйден 73 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар