+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Алматыда 139 мың ағаш отырғызылады

2019 жылғы 9 қазан 15:17
Бөлісіңіз:
Алматыда 139 мың ағаш отырғызылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл 139 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасының бөлім жетекшісі Олжас Жаныспаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жылда саяхатшылар 5,5 мың тонна пластмассалық қоқыс тастап кететін Дубай бірреттік пластиктен бас тартты Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтерді Түркістан маңындағы 7700 гектар аумақта жасыл белдеу құрылады

«Орман отырғыз» шарасы 5 қазанда басталған.

«Бұл акция аясында Жасыл экономика басқармасы мен Іле-Алатауы Ұлттық паркі біріге отырып, Мохнатка тауында 50 мың көшет отырғызды. Сонымен қатар, Көк төбе тауында 30-40 мың «Сиверс» алмасының көшеті, «Атакент» іскерлік орталығы мен «Атлетикалық ауыл» маңайында 5 мың ағаш отырғызылады. Қаладағы 110 мектептің маңайында емен, үйеңкі, қарағаш, қайыңның 4 мың көшеті отырғызылады. «Саялы», «Зерделі» шағын аудандарында 3000 ағаш отырғызылады. Осылайша жалпы алғанда Алматы аумағында 139 мың ағаш отырғызу көзделген», - деді Олжас Жаныспаев.

Спикердің айтуынша, қаладағы ағаш саны 10 жыл ішінде біршама өскен.

«2010 жылы жалпы қолданыстағы территорияларда 1,5 млн ағаш бар болса, 2018 жылы жүргізілген инвентаризация бойынша 2 млн 135 мың ағаш саналды», - деді Олжас Жаныспаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT