Алматыда 137 тендер жеңімпазы салық төлеуден жалтарған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 137 тендер жеңімпазы салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салық органдарының тексеруі барысында Алматыда мемлекеттік сатып алуға қатысқан 137 компания бар екендігі анықталды. Олар құны 7,5 млрд теңге болатын тендер ұтып алған. Олардың ішінде 76 кәсіпорын салық есебіндегі айналымды қасақана төмендетсе, 61-і нөлдік көрсеткішті көрсеткен.

Департаменттің баспасөз қызметінің айтуынша, аталған салық төлеушілерге заңбұзушылықтарды өз еркімен жою мүмкіндігі берілді.

«Қазір 8 салық төлеуші құны 11,6 млн. теңге болатын қосымша салық есебін ұсынды. Салық төлеуден жалтарып отырған өзге компаниялар берешегін айыппұл санкциясымен бірге өтейтін болады. Сондай-ақ, материалдар құзырлы органдарға табысталатын болады» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар