Алматыда 134 мың еуромен шетел аспақ болған екі азамат ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 134 мың еуромен шетел аспақ болған екі азамат ұсталды. Бұл туралы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы Халықаралық әуежайында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті қызметкерлері шетел валютасын заңсыз тасымалдау контрабандасының жолын кесті. «Алматы - Ыстамбұл» халықаралық әуе бағытына кедендік бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды», - деді баспасөз қызметінің маманы Гүлнәр Тұрымтай. Оның айтуынша, кеден шекарасынан өту кезінде осы азаматтардан тәркіленген 134 мың еуро көлеміндегі ақша декларацияда көрсетілмеген. Бүгінде Алматы қаласы бойынша КБД тәркіленген дәйекке қатысты тексеру амалдарын жүргізуде, тексерудің нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар