Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тұрғын үй саясаты басқармасы өз міндетін орындамаған 133 ПИК-ті жауапкершілікке тартты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл кооперативтер қыс басталғалы бері аулаларын қардан тиісті дәрежеде тазаламаған.

Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес барлық жүргінші жолдары, аула аумақтары, көлік жолдары қар түскен соң тез арада тазалануы керек. Егер көктайғақ болса, құм немесе тұз себілуі тиіс.

Сонымен қатар ПИК-тер шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға міндетті.

Мұз сүңгілерін тазалау үшін ақы талап еткен «Жансая» ПИК басшылығы жауапкершілікке тартылды.

2018 жылы 306 ПИК жұмысы тексерілген болатын. Нәтижесінде 151 ескерту жасалып, айыппұлдар салынды.

Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, тұрғындар егер ПИК жұмысына көңілі толмаса, бірігіп ПИК төрағасын жұмыстан шығара алады. Сонымен қатар, кооператив құрамынан шығып, басқа кооператив таңдай алады.

Тұрғын үй басқармасынан толық ақпаратты 224-14-04, 225-14-31, 225-12-04 телефондары арқылы білуге болады.null

Соңғы жаңалықтар