Алматыда 13 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қарақшы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер ресейлік әріптестеріне 13 жыл бойы іздеуде жүрген қарақшыны ұстауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2008 жылы кәмелетке толмаған 1990 жылғы М. есімді азамат пен оның досы П. Ресейдің Саратов облысындағы Энгельс қаласында бір әйелге қарақшылық шабуыл жасап, оның ақшасын тонаған.

«Саратов облысы Энгельс муниципалды ауданы ІІБ-ның тергеу басқармасы Ресей Федерациясының Қлымыстық кодексінің 162-бабы 2-тармағы «Қарақшылық шабуыл» бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қарақшылардың біреуі дереу ұсталып, 4,5 жылға сотталған. М. есімді азамат қашып кеткен. 2008 жылдың шілдесінде қарақшы мемлекетаралық және халықаралық іздеуге жарияланды», - деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД қылмыстық басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

13 жыл өте Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қашқынды ұстады. Күдікті қазір қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Қылмыскерді экстрадациялау мәселесі Минск конвенциясына сай шешіледі.


Соңғы жаңалықтар