Алматыда 13 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4153 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 желтоқсан күні 4 153 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 202, II компонентін – 1951 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 6 желтоқсан аралығында қалада 1 029 297 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 986 670 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 544 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 17 838 адам салдырды. Оның ішінде 1 040 жүкті әйел, 3 686 бала емізетін ана және 13 112 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар