Алматыда 13 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген
2022 жылғы 16 мамыр 12:25

Алматыда 13 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 17261 адам жүгінген, оның ішінде 13460 жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы былтыр үш бағыт бойынша жүзеге асырылды.

«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен 1031 адам қамтылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 115 адам шағын несие алды. Сонымен қатар, 200 АЕК көлемінде 1298 грант берілді. (583400 теңге). Бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес, 39245 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде уақытша -10984 адам, тұрақты жұмыс орындарына - 28351 адам»,- деді Диляра Иманқұлова.

Айтуынша, бүгінгі күні Жұмыспен қамту орталығына 17261 адам жүгінген. Оның ішінде 13460 тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT