Алматыда 13 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 336 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 қараша күні 3336 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1809, II компонентін – 1527 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 29 қараша аралығында қалада 1 022 999 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 978 179 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 205 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 13 248 адам салдырды. Оның ішінде 795 жүкті әйел, 2 803 бала емізетін ана және 9 650 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар