Алматыда №129 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше заңбұзушылықтарға жол берді деген айыппен №129 жалпы білім беретін мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу аудандық прокуратурасы №129 мектепті тексеру барысында ҚР Білім беру туралы заңының бұзылғандығын анықтады. Нақтырақ айтқанда, мектеп басшылығы күзетті қамтамасыз ету үшін оқушылардан ақша жинаған. Сондай-ақ оқушылар мектеп директорының педагогикалық әдептен жұрдай екендігін айтып шағымданған.

Аталған дерекке байланысты Жетісу аудандық прокуратурасы әкімшілік іс қозғады.

Алматы ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы м ектеп директоры міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамаған деген шешім шығарды.

Мектеп директоры ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 311-1 бабының 1 тармағы бойынша айыпты деп танылып, айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар