Алматыда 124 мыңға жуық егде жастағы адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2917 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қаңтар күні 2917 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 25 қаңтар аралығында қалада 1 067 233 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 030 813 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 997 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 39 254 адам салдырды. Оның ішінде 2094 жүкті әйел, 8 515 бала емізетін ана және 28 645 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 131 620 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар