USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды

2021 жылғы 19 қараша 11:37
Бөлісіңіз:
Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 423 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті - дәрігер Алматыда электр, су және жылыту желілері қайта жаңғыртылып жатыр

«18 қараша күні 3 423 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 874, II компонентін – 1 549 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қараша аралығында қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 739 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT