+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 1200 мұқтаж жанға онлайн өтініш бойынша құрбандық еті таратылды

2020 жылғы 1 тамыз 23:38
Бөлісіңіз:
Алматыда 1200 мұқтаж жанға онлайн өтініш бойынша құрбандық еті таратылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құрбан айттың бірінші күні - 31 шілдеде Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы 296 құрбандық малы шалынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлық құрбандық еті 1200 мұқтаж адамға таратылды. Етті тарату үшін 80 волонтер, 6 шағын автобус, 30 жеңіл автокөлік тартылған.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында бірқатар шаралар қабылданған.

- Меншік иесіне қарамастан, барлық ұйымдарда, сонымен бірге, жекеменшік үй-жайлар мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуымен өтетін шараларды өткізуге;

- Алматы қаласының аумағында автокөлік арқылы мал сойысын ұйымдастыруға және союға, және жекеменшік үй-жайларда мал сатуға тыйым салынған.

Сонымен бірге, белгіленген мерзімде Алматы қаласының орталық мешіті бекіткен онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратын орындарды қоспағанда, мал сататын цехтар мен базарлардың жұмысы тоқтатылды.

Қаулыны орындау мақсатында дін істері жөніндегі басқарма, полиция департаментінің ЖПҚ, СЭС және ветеринарлық қызметкерлерімен мешіттерде, базарларда, қайырымдылық мекемелерінде, май соятын цехтарда және басқа орындарда кезекшілік ұйымдастырылған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлағандай, 31 шілде күні белгіленбеген орындарда мал сойып, оны сатудың 14 фактісі анықталды. Азаматтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз, белгіленбеген орында мал сойып, оны сату коронавирус инфекциясының таралуына әкелуі мүмкін. Баршаңызды қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз» деді әкімдіктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT