+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда 120 мыңнан астам егде кісі вакцина алды

2021 жылғы 25 қазан 11:03
Бөлісіңіз:
Алматыда 120 мыңнан астам егде кісі вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1186 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 2 531 адамға Pfizer вакцинасы егілді Өскемендік мұғалімдер мен ата-аналар Pfizer вакцинасы жайлы пікірлерімен бөлісті Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды

«24 қазан күні 1186 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 500, II компонентін - 686 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 қазан аралығында қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 144 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT