Алматыда 12 жасар қыз балаға зорлық көрсеткендер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір топ бала 12 жасар қыз балаға зорлық көрсеткен. Күдікті ретінде бірнеше жасөспірім ұсталды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

«Қалалық ІІД аталған дерек бойынша ҚР ҚК 122 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Әзірге сот-биологиялық, сот-психологиялық сараптаманың нәтижесі дайын емес»,- деді С.Әзірбек.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қыз баланың әлеуметтік желіде танысқан танысы кездесу кезінде оған күш көрсетіп, зорлық жасаған. Оқиға Бостандық ауданында болған.

Соңғы жаңалықтар