Алматыда 12 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  -  Алматыда өткен жылы 12 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот жүйесінде былтыр ешбір судья қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Алайда, Алмалы ауданының судьясы Құсайынов процессуалды істен тыс байланысқа шыққаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды», - сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сонымен қатар сот төрағасы сот жүйесі саласында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер туралы тілге тиек етті. Оның айтуынша, Алматыда 18 соттың 156 залы аудио бейне жазу жүйелерімен жабдықталған.

Атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық», «Аудио-бейнебақылау» жүйелерінің арқасында азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, қағазбастылықтан құтылу мүмкін болды.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Бақытжан Қараманов Электронды қылмыстық іс жобасы тергеу уақытын қысқартуға материалдарды бұрмалануын азайтуға мүмкіндік беретін атап өтті.

Бұл уақыттан бері сотқа электронды форматта 55 іс түсіп, 5 іс қаралған. 

Соңғы жаңалықтар