Алматыда 12 судья ант қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше судья ант қабылдап, қалалық сот жүйесі 12 судьямен толықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

«ҚР Президентінің 17 маусымдағы № 839 Жарлығымен Алматы қаласының жергілікті сотына тағайындалған судьялар ҚР Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңның 32-бабына сәйкес ант қабылдады», - деді ол.

Салтанатты шараға қалалық соттың төрағасы Ақжан Ештай қатысты.

Атап айтқанда, қызметке жаңадан тағайындалған Алатау аудандық сотының судьясы Жанель Нұрсейітова, Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Салима Бақиева, Қарагөз Қыстауова, Әуезов аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов, Әуезов аудандық №2 сотының судьясы Маржан Қоқамбекова, Медеу аудандық сотының судьясы Тимур Жұмамұратов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мұрат Әлімбек, Бақыт Еділова, Айым Шаяхметова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Айгүл Әшімханова, Түрксіб аудандық сотының судьясы Аида Қарғашова, Айгүл Өтешова әділдіктен таймауы туралы ант қабылдады.

Соңғы жаңалықтар