+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

2020 жылғы 15 қазан 01:22
Бөлісіңіз:
Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды Елордада ер адам 10 жастағы қыз баланы пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

«Күдіктілер – 1979 және 1986 жылы туған ағайынды азаматтар, олар негізінен Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген. Домофон қоңырауына ешкім жауап бермесе олар кіреберістерге, содан кейін тұрғын үйдің ішіне кіріп кетіп жүрген. Ал кешкі уақытта олар шамдары өшірулі пәтерлерді таңдаған. Қаскөйлер тек ақша, әйелдердің құндыз тондарын, алтыннан жасалған бұйымдарды, бас киімдер, ноутбуктер, сөмкелер ​​және басқа да көлемді емес, бірақ құнды тұрмыстық заттарды ұрлаумен айналысқан«, – деді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Тергеу барысында ұсталғандардың осыған ұқсас 12 қылмысты жасауға қатыстылығы дәлелденді. Тергеу іс-шаралары ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі (Ұрлық) бойынша өткізілуде. Айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілердің Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT