+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 12-қабаттан секірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды

2020 жылғы 16 шілде 00:56
Бөлісіңіз:
Алматыда 12-қабаттан секірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аса қауіпті қылмыскер полициядан қашып 12-қабаттағы терезеден секірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Жамбылда ұрланған 122 бас қой табылып, иесіне қайтарылды Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды

Алматыға Екібастұздан келген 31 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлап, қарақшылық шабуыл жасады деген күдік бар.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыс 11 шілдеде жеке үйлер алабында болған. Түскі уақытта күдікті Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген. Үйде 2 бала - төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған.

Жантүршігерлік қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

«Бүгін біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жасырынып отырған үйін анықтады. Ол Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің 12-қабатындағы пәтерде болған. Полиция келгенде ер адам ашық терезеден секіріп, төмендегі террасаға түскен. Оның артынан өз өмірін қауіпке тігіп, полицияның жедел уәкілі, полиция майоры Бақытжан Бәкіров секірді. Ол аяғының сынғанына қарамастан, күдіктінің жолын жауып, қашып кетуіне мүмкіндік бермеді», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Қазір тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлімі және ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлімі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция департаменті Бақытжан Бәкіров аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде көрсеткен белсенділігі үшін марапатқа ұсынылатынын мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT