Алматыда 115 адамды кене шаққан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2019 жылдың басынан бері 115 адам кене шақты деген шағыммен дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиялық маусым басталғалы бері қаланың медициналық пункттеріне кене шаққан 115 адам жүгінген. Олардың 61-і бала. Барлық адамдар кенеге қарсы иммуноглобулин алды. Бүгінде қалада кене энцефалиті диагнозы әлі тіркелмеді», - деді баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты жаз-көктем маусымында қаладағы аумағы 589,246 га болатын 121 сквер мен аумағы 1764 га болатын 8 орманда кенеге қарсы дезинсекциялық шаралар жүргізіледі.

Сәуір айынан бастап жауынсыз күндері «Алматы зарарсыздандыру орталығы» РМК «Шквал» инсекто-акарицидті препаратымен аталған территорияларды өңдейтін болады.

Соңғы жаңалықтар