Алматыда 112 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

None
None
ҚазАқпарат. Алматы – Алматыда коронавирус инфекциясының 112 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, өткен тәулікте 112 адамнан коронавирус анықталды: симптомдық белгісі бар түрі - 95, симптомсыз түрі -17 адамнан анықталды. Е мделіп шыққандар - 106, келіп түскендер - 64 адам.

«Барлық инфекциялық стационарларда 1 730 төсек-орын бар. Бүгінде 706 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 26-сы — бала. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 71 адам емделуде. Өкпені жасанды желдету аппаратына 12 адам қосылған, инвазивті емес ӨЖЖ – 24 адам, High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді»,- деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Телемедицина орталығының бақылауында 923 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде -727 адам, симптомсыз 196 науқас бар.


Исраил Алпамыс


Соңғы жаңалықтар