Алматыда 11 жасар бала оққа ұшты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин Алматыда 11 жасар баланың оққа ұшқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саинның ақпаратына сәйкес, 5 қаңтар күні Алматыда оқ жарақатынан бала қайтыс болды. Ата аналары балалармен серуендеп қайтып келе жатқанда оқ атылып, 11 жастағы бала қаза тапты. Ал 7 қаңтар күні Алматыдағы балалар ауруханаларының біріне ауыр оқ жарақатымен 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін арпаласып жатыр. Ересектерге арналған ауруханалардың бірінде оның әкесі жатыр. Жасөспірім әкесімен бірге машинада келе жатқанда олардың көліктеріне содырлар оқ атқан», - делінген Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдіктің баспасөз қызметінен.

Осы ретте Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин ата-аналар мен ересек адамдарға балаларды қорғауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар