Алматыда 11 рейс кешігіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалың қар жауғаны салдарынан әуежайда 11 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әуежайдың Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұшақтар кестесінде бірқатар рейс кестесінен жаңылуы мүмкін.

Атап айтқанда, АirAstana әуе компаниясының

951 Алматы - Астана рейсі - 6.10-ден 7.10-ға,

871 Алматы - Мәскеу рейсі - 6.35-тен до 7.35-ға

971 Алматы - Шымкент рейсі - 7.35-тен 8.35-ке

895 Алматы - Дубай рейсі - 7.40-тан 9.00-ге

907 Алматы - Дели рейсі - 7.50-ден 9.05-ке

877 Алматы - Атырау рейсі - 8.05-тен 8.50-ге

307 Алматы - Павлодар рейсі - 8.10-нан 8.40-қа

153 Алматы - Санкт-Петербор рейсі - 8.15-тен 9.00-ге

349 Алматы - Орал - Франкфурт рейсі - 8.30-дан 9.10-ға

851 Алматы - Астана рейсі - 8.45-тен 9.20-ға

853 Алматы - Астана рейсі - 11.40-тан 12.20-ға шегерілді.

AirAstana лайнерлерді көктайғаққа қарсы өңдеуіне байланысты бұл рейстер кешігетін болды.

Жолаушылар жолға шықпас бұрын анықтау бөліміне 270-33-33 хабарласып, білгендері жөн.

«Қар қалың түскеніне қарамастан Алматы әуежайы штатты режімде жұмыс істеп жатыр. Ұшу-қону жолақтары бірден қардан тазалануда. Ұшақтарды көктайғаққа қарсы өңдеу үшін материалдар жеткілікті. Қазіргі таңда әуежайдағы ауа температурасы -6º көрсетіп тұр, 650/250 метр қашықтық көрінеді. Алматы халықаралық әуежайы ИКАО-ның ІІІ В санатына ие болған еді. Бұл экипажда осындай санат болған жағдайда қалың тұман мен қар жауса да, көрініс 75 метрге түссе де ұшақтарды қабылдай алатынын білдіреді», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кеткен жөн, әуежайды қайта жаңғыртуға 8 млрд теңге жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар