Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 11 130 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 сәуір күні 11 130 алматылық вакцина салдырды. Ал, сәуірдің 1-12 аралығында барлығы 86 790 адам вакцина алды»,- деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:

Алатау ауданы – 6 390 адам,

Алматы ауданы – 19 085 адам,

Әуезов ауданы – 13 240 адам,

Бостандық ауданы – 17 600 адам,

Жетісу ауданы – 3 205 адам,

Медеу ауданы – 12 110 адам,

Наурызбай ауданы – 4 785 адам,

Түрксіб ауданы – 10 375 адам.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында КВИ-ге қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар