Алматыда 1090 салық төлеушінің қарызы сот арқылы өндірілетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда борышкер 1090 салық төлеушінің қарызы сот арқылы өндірілетін болды. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық Салық департаменті қызметкерлері автокөлік, мүлік және жер учаскесі салығын төлемеген жеке тұлғаларға қатысты іс-шара жүргізуде. «Қазіргі таңда салық төлемеген 1830 жеке тұлғаның материалдары сот қарауына жіберілді. Сондай-ақ, қазір 1090 жеке тұлғаның 299 млн теңге көлеміндегі қарызын сот орындаушылары арқылы өндіру туралы сот шешімі шықты», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Ендігі кезекте сот орындаушылары аталған тұлғалардың қарызын еңбекақысы есебінен, болмаса мүлікті тәркілеу есебінен өндіретін болады. Сонымен қатар, оларға шетелге шығуға тыйым салынады. Қала тұрғындары автокөлік, мүлік, жер учаскесі салығы бойынша қарызы бар-жоқтығын онлайн режімде біле алады. Ол үшін www.nda.kz сайтында көрсетілген арнайы ұяшыққа өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды.

Соңғы жаңалықтар