Алматыда 106 жүк көлік жүргізушісі жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Автокөлік» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр. Рейд барысында қаланың орталық бөлігінде лас жүк көлігі тоқтатылып, жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бұл ретте айта кету керек, көбінесе лас көліктер құрылыс нысандарында қолданылады. Құрылыс алаңынан шығып, жол бойында кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері өз көлігін таза сұтауға міндетті. Іс жүзінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл тәртіп барлық жерде сақталмайды. Көрсетілген алдын алу іс-шарасы осындай фактілерді анықтауға бағытталған», - деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.

Спикердің сөзінше, тексеріс кезінде 106 лас жүк көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.

Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚбК-нің 602-бабының талаптарын бұзғаны үшін - 15 факті, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі - 28 факті, ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы 1 -бөлігі - 20 факті, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі - 6 факті, ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы 1-бөлігі - 15 факті және және тағы басқа да ереже бұзу анықталды.


Соңғы жаңалықтар