Алматыда 1000 жылдық алаңы пайда болады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1000 жылдық алаңы пайда болады. Жаңа нысан Пушкин көшесінде орналасқан бұрынғы Саяси ағарту ғимаратының алдында бой көтереді.

Ғимараттың жаңа келбеті туралы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрылыс бойынша директоры Шоқан Жәмішев айтты.

Мыңжылдық алаңы Алматының осы аралықта қалай өзгергенінен хабар беретін болады.

Алаңның солтүстік жағынан салынатын қабырғаға қаланың қалыптасу тарихы бейнеленетін болады.

Сондай-ақ, мұнда 1000 субұрқақ пайда болады. Оттар мен субұрқақтар жарық пен әуенге қарай мың құбылып тұрады.

Баспалдақтардың жартысы амфитеатр түрінде жасалады. Мәдени шараларға келген көрермендер аталған орындарда концерт тамашалай алады. Сәулет жобасы белгілі архитектор Ералисов Тоқтармен келісілген.

null null null  

Соңғы жаңалықтар